$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.08.2020, 05:35
Оқиғалар

Атырауда қонаққа келіп, телефон мен теледидар ұрлап кеткен

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Атырауда қонаққа келіп, сол үйден телефон мен теледидарды жайлап ұрлап шыққан әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

16 тамыз күні Атырау қаласының тұрғыны, қонақ болып отырып, пәтерден телефон мен теледидарды ұрлап кеткен. 

Полиция қызметкерлері күдікті анықталды және ұсталды деп хабарлады. Оған қатысты ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Атырау облысының полицейлері азаматтарға ұрылардан сақтық шараларын қолдануды ұсынады: аулаларда бейнебақылау камераларын, жарықтандыруды, сигнализаторларды, терезелерге металл торларды, есіктерге берік құлыптарды орнату туралы кеңес берілді. 

«Егер ұрылар сіздің үйіңізге кірсе немесе сіз осындай қылмыстың куәсі болсаңыз, дереу «102» телефонына хабарлаңыз. Бұл шаралар қылмыстың жолын кесуге көмектесетінін әрқашан есте сақтаңыз»,- делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары