28.08.2020, 11:37
Оқиғалар
БҚО-да қолдан жасалған ұшу аппараты құлап, иесі қайтыс болды
Оқиға таңғы сағат 08.30-да Орал қаласында болған
Фото: БҚО ТЖД
Орал қаласында бір адамдық қолдан жасалған ұшу аппараты құлап, иесі оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«28 тамызда сағат 08.30-да Орал қаласының «Казинское» бау-бақша бірлестігі ауданының 2 бау-бақша аумағына бір адамдық қолдан жасалған ұшу аппараты құлады. Өкінішке қарай, 1951 жылы дүниеге келген П.А. Ерошенко есімді аппарат иесі оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлайды.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер мен 5 техника барды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 10:22
Бизнесмендер футболға бет бұрды: биыл Қазақстанда қандай командалар жекеменшікке өтті
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды