$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2020, 16:31
Оқиғалар

СҚО-да трактор аударылып, механизатор көз жұмды

Аталған факт «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа жіберілді

СҚО-да трактор аударылып, механизатор көз жұмды

СҚО-да «К-700» тракторы аударылып, 43 жастағы механизатор қайтыс болды. Оқиға Тайынша ауданының Қарағаш ауылында болған. Polisia.kz сайтының хабарлауынша, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу фактісі тіркелген.

24 тамызда сағат 17:00 шамасында Тайынша ауданы полиция бөліміне Қарағаш ауылының шетінде орналасқан ЖШС-ның шөп үйетін аумағында «К-700» тракторы аударылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу қызметкерлері механизатордың сүрлем сақтайтын қамбада ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде аударылып, кабина ішінде қалып қойғанын анықтады. 43 жастағы жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары