$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2020, 14:28
Оқиғалар

Алматы облысында бойжеткенді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

21 тамыз күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданындағы Өрнек ауылының маңында 21 жастағы қыздың мәйіті табылған болатын. Бойжеткеннің денесінде айуандықпен қинап өлтіру белгілері болған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіру (99-бабы 1-бөлігіне) бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қабылданған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, екі тәулік ішінде адам өліміне қатысты қылмыс әшкере болды. Кісі өлтірді деген күдікпен аталған ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын кісі тонағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған және қазір еш жерде жұмыс істемейтін күдікті өзінің кінәсін толығымен мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі сипаттап берді»,- деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Данияр Меңдебаев.

Ұсталған азаматтың айтуынша, 20 тамыз күні жол бойындағы бойжеткенге себепсіз шабуыл жасаған. Оны қылқындырып, арықтағы суға батырған, одан кейін өртеп жіберген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Серіктес жаңалықтары