ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 271 адам індет жұқтырып, 4 адам көз жұмды

Атыраудан Оралға келіп велосипед ұрлап жүрген ұры ұсталды

26 жастағы әккі ұры қыркүйек айынан бері велосипедтерді ұрлап сатумен айналысқан

Атыраудан Оралға келіп, 15 велосипед ұрлаған ұры ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атыраулық ұры екі ай бойы Оралда осындай «кәсіппен» айналысқан.

26 жастағы әккі ұры қыркүйек айынан бері кешкі 18.00 мен түнгі 23.00 сағат аралығында көзіне түскен велосипедтерді ұрлап сатумен айналысқан.

Атыраудан келген «қонақ» 5 қараша күні қала орталығында кезекті велосипед ұрлап жатқан жерінен қолға түсті. Ол Д.Қонаев шағынауданында 41 жастағы әйелге тиесілі велосипедті қолды қылып, 40 мың теңге залал келтірген.

Еш жерде жұмыс істемейтін күдікті айыбын мойындап, 15 велосипедті қалай ұрлағанын айтып берді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабына сәйкес, 15 эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, биылғы тоғыз айда қалада 47 велосипед ұрлығы тіркеліп, соның 30-ы иелеріне қайтарылған.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған