ДАИШ содырлары тәжік шекара заставасына шабуыл жасады

Жарияланған:
07.11.2019, 03:14

Тәжікстандағы «Ишкобод» шекара заставасына жасалған шабуыл кезінде 17 адам қаза болды

Сириядан қашқан «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары енді Орта Азияда төбе көрсете бастады. 20 адамнан құралған лаңкестік топ бүгін таң алдында Тәжікстандағы «Ишкобод» шекара заставасына шабуыл жасады. Атыс кезінде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Мұздай қаруланған лаңкестер шекарашылар шырт ұйқыда жатқанда тұтқиылдан шабуылдапты. Тәжік жауынгерлері лайықты қарсылық көрсетіп, 15 дұшпанның көзін жойған. Ал бесеуін тұтқынға алған.

Тәжіктер тарапынан екі адам оққа ұшқан. Ұсталғандардың тергеу барысында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары екені анықталды. Сирияда күйрей жеңілген жендеттер заставадағы қару-жарақты алып, Тәжікстанда лаңкестік жасамақшы болған. Олар шекараны үш күн бұрын Ауғанстан арқылы бұзып өткен.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Павлодарда қайтыс болған науқастың өліміне жақындары фельдшерді кінәлап отыр
Алматы облысында 2-сынып оқушысы мектепте көз жұмды
Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, бір бала көз жұмды

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.