07.11.2019, 04:21
Оқиғалар
Қызылорда облысында көлік ұрылары қолға түсті
Ұрылар заңсыз айдап кеткен автокөлікті жасыру мақсатында жол жиегіне шығарып қойған
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Lada Kalina» маркалы автокөлігін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көліктің ұрланғаны туралы ақпарат түскеннен кейін, полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Нәтижесінде, тас жол бойында жаяу кетіп бара жатқан екі азаматты анықтады. Олар заңсыз айдап кеткен автокөлікті жасыру мақсатында жол жиегіне шығарып қойған. Күдікті ретінде Жалағаш кентінің 31 және 39 жастағы екі тұрғыны қолға түсті. Олар Жалағаш ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде алынған автокөлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жүріп жатыр», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды