$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 01:26
Оқиғалар

24 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде бұршақ, жауын, найзағай күтіледі

24 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-шығыста және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, шаңды дауылмен жел күшейеді, күші 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Оңтүстікте Ақтөбе облысында найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 16-21 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары