24.08.2020, 00:45
Оқиғалар
БҚО-да 19 жастағы жігіт селфи жасаймын деп суға кетті
Ол су астындағы тереңдігі 2-3 метр шұңқырға құлап, батып кеткен
Фото: ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт селфи жасаймын деп суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қайғылы оқиға 23 тамыз күні Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында болған. 2001 жылғы тұрғын Мұратсай су қоймасында тізесінен келетін суда киімшең тұрып, селфи жасаған. Алайда абайламай, су астындағы тереңдігі 2-3 метр шұңқырға құлап, батып кеткен. Марқұмның денесін жергілікті тұрғын шығарып алды», - деп жазылған хабарламада
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты