$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.08.2020, 01:24
Оқиғалар

Ақтөбеде қонаққа барған адам үй иесінің картадағы ақшасын өзіне аударып алған

Үй иесінің картасынан 320 мың теңге ұрланған

Ақтөбеде қонаққа барған адам үй иесінің картадағы ақшасын өзіне аударып алған
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе тұрғынының үйіне келген қонағы үй иесінің ақшасын ұялы телефондағы қосымша арқылы өзіне аударып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қала тұрғыны полицияға ұялы телефонын жоғалтып шағымданған. Тергеу барысында смартфонды қонағы алып кеткені және ішіндегі қосымша арқылы 320 мың теңгені алып қойғаны анықталды. Қонаққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Яғни ол ұрланған телефоннан Каспий қосымшасы арқылы құпия нөмірін теріп, өз Каспий картасына 320 мың теңгені аударып алған», - дейді Ақтөбе облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Данияр Әлимұхамбет.

Айта кету керек, соңғы бір жыл ішінде Ақтөбеде осыған ұқсасас 12 заңбұзушылық тіркелегенін айта кеткен жөн.

Серіктес жаңалықтары