$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.08.2020, 23:58
Оқиғалар

Түркістан облысында әйелін балталаған адам 11 жылға сотталды

46 жастағы келіншек ауыр соққыдан кейін бір көзінен айырылған

Түркістан облысында өз әйелін балталап тастаған 51 жастағы азамат 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Аса ауыр қылмыс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. 51 жастағы азамат өзінің әйеліне өлтіру мақсатымен бірінші қолына, содан кейін барып басына және денесінің басқа да жерінен балтамен өлтіру мақсатында жарақат келтіргені үшін, яғни әйелін өлтіруге оқталғаны үшін сотталды. 

«Жұмысқа шығып келе жатқанымда күйеуім Матқұлов Мұрат мені балталап тастады. Тегі сөзге келмейді, өлтіремін дегеннен басқаны айтпайды. Сонымен 15 жыл отасып, 16 жылдан бері көретін жәбірлігім сол. Тек зорлық пен зомбылық», - дейді жәбірленуші.

46 жастағы келіншек ауыр соққыдан кейін бір көзінен айырылған. Екінші топтағы мүгедек болып қалды.

Серіктес жаңалықтары