$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.08.2020, 17:08
Оқиғалар

Шымкенттегі мейрамханада адам атып өлтірген үш күдікті Алматыға қашып кеткен

Тергеу аяқталғанға дейін олар қамауда болады

Шымкенттегі мейрамханада адам атып өлтірген үш күдікті Алматыға қашып кеткен

Шымкенттегі «Гранд-Прага» мейрамханасында атыс ұйымдастырған үш күдікті Алматыдан ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Олар бір адамды өлтіріп, екіншісін ауыр жаралаған деп айыпталуда.

Оқиға 10 тамызда Қазиев көшесінің бойындағы мейрамханада болған. Екі топтың арасындағы ерегіс соңы атысқа ұласып, салдарынан бір жігіт оқиға орнында қаза тапты. Жараланған екінші адам әлі күнге дейін ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) және 287-бабы (Оқ қаруын заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де 12 тамыз күні Алматы қаласында ұсталып, Шымкентке жеткізілді», - делінген аталған хабарламада.

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты 14 тамыз күні күдіктілерді қамауда ұстау туралы шешім шығарған.

Серіктес жаңалықтары