Таразда жасөспірімдер TikTok-тағы видео үшін бір-біріне пышақ жұмсаған
Оқиға 15 тамызда болған
Тараз қаласында 15 және 17 жастағы екі жасөспірім арасында жанжал болған. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, жасөспірімдердің бірі TikTok желісіндегі қыз бен жігіттің қатысуымен түсірілген роликке қатысты қызғаныштан жанжал шығарған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Оларды ажыратпақ болған үшінші жасөспірім пышақ жарақатын алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Жәбірленушінің айтуынша, оны жанжалды бастаған жасөспірім жарақаттаған. Кейін ол өз әрекетінің зардабынан қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Тараз қаласының полиция басқармасының хабарлауынша, аталмыш жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы, 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазір жедел тергеу тобы Тараз қаласының 15 жастағы тұрғынын ұстап, болған жайтқа байланысты мән-жайды анықтап жатыр.