$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2020, 14:21
Оқиғалар

Алматыда мас күйде көлік жүргізген 711 жүргізуші ұсталып, жауапқа тартылды

Биыл жол апаты салдарынан мегаполисте 46 адам көз жұмды

Алматыда мас күйде көлік жүргізген 711 жүргізуші ұсталып, жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда мас күйінде көлік айдайтын жүргізушілер саны азаймай тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Рolisia.kz- ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері мас күйінде рөлге отырып, адам өміріне қауіп төндірген 700-ден астам адам ұсталған. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен, мас күйде көлік жүргізген 711 жүргізушіні  әкімшілік қамауға алған. 1084 жүргізуші соттың үкімімен  көлік айдау құқығынан айырылған. Көшедегі көлік апатының кесірінен биыл 46 адам көз жұмса, 2 мыңдай тұрғын түрлі дене жарақатын алған.

 «Бүгінгі таңда Алматыда көлік апаты деңгейі 41,3% азайды.  Алматы көшелерінде 1 486 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 46 адам көз жұмып, тағы екі мыңға жуық адам түрлі дене жарақатын алды. Сондай-ақ, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 546 925 жүргізуші анықталды. Қазір қалада көлік қозғалысын қадағалап отыратын автоматтандырылған 105 пост жұмыс істейді. «Сергек» жүйесінің көмегімен 354 083 заңбұзушылық тіркелді», - деді Алматы қаласы ДП әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Серіктес жаңалықтары