$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.08.2020, 03:13
Оқиғалар

Петропавлда науқасты алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Жедел жәрдемге соғылған көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен

Петропавлда науқасты алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Фото: баспасөз қызметінен

Петропавл қаласында жеңіл көлікке соғылған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел жәрдем көлігінің ішінде пациент болған. Онымен соқтығысқан ВАЗ-32112 жеңіл көлігінің 37 жастағы жүргізушісі оқиға орнынан полиция келгенше қашып кеткен. Ол көпқабатты үйдің бірінің ауласында ұсталды.

«Жол апаты кезінде жедел жәрдем көлігінің ішінде болған 71 жастағы әйел жарақат алмаған. Ол негізгі дерті бойынша емделу үшін үшінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Жедел жәрдем бригадасының 25 жастағы фельдшері медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді», - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Одан кейін бұл іс Петропавл әкімшілік сотына жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары