ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 54 қазақстандық қайтыс болды

Алматыда екі полицей бюджетке түсуі керек 270 млн теңгені иемденген

Олар 25 мыңнан астам құқықбұзушылық үшін төленген айыппұл ақшасын өздеріне алған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы Полиция департаментінің процессуалдық орталығының басшысы мен оның бір қызметкері 800 мың теңге пара алу кезінде ұсалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл азаматтардың кесірінен 25 мыңнан астам құқықбұзушылық үшін төленген 270 млн теңге айыппұл бюджетке түспей қалған.

«Алматы қаласы Полиция департаментінің процессуалды орталық директоры мен оның қызметкері 800 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Олар жалған сот орындаушыларымен бірге 2017 жылдан бастап жол ережесін бұзғандардан айыппұл жинап, өздері иемденіп отырған. Сонымен қатар базаға бюджетке түскен қаражат туралы жалған мәлімет енгізген. Олардың кесірінен бюджетке 270 млн теңге түспеген», - деді ол.

Полиция қызметкерлері қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.