14.08.2020, 10:15
Оқиғалар
Павлодар облысында темекі сұрауға барып ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Ол мұндай әрекетке ақшаға мұқтаждықтан бардым деп түсіндірді
Фото: Батыржан Беспаев
Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің ауыл тұрғындарының бірі үйінен 30 мың теңге көлеміндегі ақшаның қолды болғаны туралы шағымданған.
Ауданның жедел уәкілдері оқиға орнын қарап, үй иелері мен қонақтарын сұрастырып, күдіктіні анықтады. Ол Ертіс ауылының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Ер адам сол күні таныстарына темекі сұрау үшін барғанын түсіндірді. Қожайындар қонақ күтіп жатқанда, ол ақша жатқанын көріп, қалтасына басқан. Ол мұндай әрекетке ақшаға мұқтаждықтан бардым деп түсіндірді. Ақшаны қажеттілігіне жұмсаған», - деді полицейлер.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті