$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2020, 13:32
Оқиғалар

Ақтөбе облысында болған жол апатынан екі адам қайтыс болды

Жол ережесін бұзған жүргізуші 2019 жылы көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылған екен

Ақтөбе облысында болған жол апатынан екі адам қайтыс болды
Фото: polisia.kz

11 тамыз сағат 18:40-да 20 жастағы «Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі (Темір ауданының тұрғыны) Ақтөбе – Богословка автожолымен Сазды ауылы тұсында Ақтөбе қаласының «Строитель-1» автобус аялдамасына қарама-қарсы бағытта келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Opel Vectra» автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан Ақтөбе қаласының ауруханасында қайтыс болды.

«Toyota Camry» автокөлігіндегі төрт жолаушысы Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, оның үшеуі тексеруден өтіп, біреуі ауруханаға жатқызылды.

«Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасына нейрохирургиялық бөлімге жатқызылды, оның 2019 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылғаны, алкогольге қан алынғаны және химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалғаны анықталды.

Аталмыш жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары