$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2020, 12:19
Оқиғалар

СҚО-да зейнеткерді алдап, 1 миллион теңгесін қолды еткен ұры ұсталды

Кейуананың жасы 70-те

СҚО-да зейнеткерді алдап, 1 миллион теңгесін қолды еткен ұры ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданында тұратын 70 жастағы кейуананың үйінен 900 мың теңгесі жоғалған. Ол тірнектеп жинаған зейнетақысы қолды болғанын айтып, полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары ұрыны Көкшетау қаласынан тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Зейнеткердің үйінде ұрлық болардан бірер күн бұрын түрлі тауарлар ұсынған бейтаныс әйелдің болғаны анықталды. Ол төсек жиынтығын, ыдыс-аяқ сатып алған. Бейтаныс әйел үйреншікті мекенжайға ертеңіне тағы да келген. Тауарларын ұсынып, сауда-саттық жасаған. Үш күн өткен соң жәбірленуші ақшасының жоғалғанын анықтап, полицияға хабарласқан. Жедел уәкілдер әйелдің болған жерлерін анықтау мақсатында көп жұмыс істеген.

Әйелдің ізі полицейлерді Көкшетауға жеткізген. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің Ақмола облысына іссапары барысында күдікті ұсталды. Ол Молдова Республикасының 1988 жылы туған азаматшасы болып шықты. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Зардап шегушінің шығыны толығымен қайтарылды.

«Қылмыскерлер үй иесін әңгімеге тарту, айналасын шолу үшін түрлі сылтаумен үйге кіріп алады. Әсіресе, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлердің үйлерін торуылдайды. Алдап-арбау және ұрлау фактілері жайлы егде жастағы туыстарға айтып отыру қажет. Көбіне үлкен кісілер алаяқтардың арбауына түсіп қалады. Сондықтан оларды осындай мәліметтермен ақпараттандыру маңызды. Үйде қомақты ақшаны сақтамаған абзал. Барлық жағдайда бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болған жөн», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #ұрлық