ҚазҰУ-де тағы бір студент қайтыс болды: күдікті ұсталды

Осы айда ҚазҰУ-де болған екінші қайғылы жағдай

ҚазҰУ-де тағы бір студент қайтыс болды: күдікті ұсталды
Фото: farabi.university

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқитын бірінші курс студенті қайтыс болды. Оның өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды», – деп хабарлады  жауапты орган.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, бүгін ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің қайтыс болғаны белгілі болды. Университеттің баспасөз қызметі  бұл ақпаратты растап, оқу орнының ұжымы марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтып, отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін редакциямыз биыл ЖОО-да болған қайғылы жағдайларға тоқталып, студенттер арасындағы өлім-жітімді санады.