Тоғыз медресе жұмыс істеп тұр: Жұлдыз Сүлейменова исламтану мамандығының қажеттілігіне қатысты пікір білдірді

Бұл сұрақ 2026 жылғы тамызда ведомство комиссиясында талқыланған

Тоғыз медресе жұмыс істеп тұр: Жұлдыз Сүлейменова исламтану мамандығының қажеттілігіне қатысты пікір білдірді
Фото: magnific

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елімізде исламтану, хадистану және теология бағыттары бойынша мамандар даярлайтын 9 медресе бар екенін айтты. Бұл мамандықтар бұрын Қазақстанның дәстүрі мен мәдениетін білетін отандық кадрларға қажет болғандықтан ашылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде хадистану мен теология мамандарын даярлауға қажеттілік жоқ деп есептейді. Осыған байланысты исламтану мамандығын білім беру классификаторынан алып тастау туралы ұсыныс жасалған. Бұл мәселе 2026 жылғы тамызда ведомство комиссиясында қаралған. 

Сүлейменованың сөзінше, мәселе бірнеше министрліктің құзыретіне жатады, сондықтан ведомствоаралық деңгейде қаралып жатыр.

«Жаңа қабылданған Конституцияда мемлекетіміздің зайырлы екені, сонымен қатар білім берудің де зайырлы сипатта болуы керектігі бекітілген. Біздің ұстанымымыз нақты. Исламтану және теология бағыттарында еліміздің дәстүрі мен тарихын білетін мамандар қажет болғандықтан, бұл мамандықтар кезінде ашылды. Биылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігі оларға қажеттілік жоқ болуына байланысты классификатордан алып тастауды ұсынып отыр», – деді министр.

Министр балалардың құқықтарын қорғау бағытында 2016 жылдан бері әр өңірде арнайы басқармалар жұмыс істейтінін айтты. Оның сөзінше, балалар қандай да бір көмекке мұқтаж болған жағдайда осы басқармаларға жүгіне алады.

Оның сөзінше, мәселе бұдан 5-10 жыл бұрын болған оқиғаларға қатысты болса да, балаға қазір психологиялық көмек қажет болған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қолдау көрсетуге дайын.

«Егер балаға дәл қазір психологиялық немесе басқа да көмек қажет болса, біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, оған қажетті қолдау көрсетеміз», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Еске салсақ, таяуда Ішкі істер министрлігі «ұлдарға зорлық жасады» деген күдікпен Исматулла Мақсұмға қатысты жаңа тергеу бастаған еді.