$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 08:38
Оқиғалар

Алматыда ер адам музыка даусын өшіруді сұраған тұрғындарға оқ атты

Оқиға фактісі бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда ер адам музыка даусын өшіруді сұраған тұрғындарға оқ атты
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда ер адам музыка даусын өшіруді сұраған тұрғындарға оқ атты, деп хабарлайды КТК. 

Оқиға 8 тамыз күні «Алмалы» тұрғын үй кешенінде болған. Үйдің терезелерінен және тікелей оқиға орнында түсірілген бірнеше видеолар жарияланды. Бірнеше тұрғын үй алдындағы тұраққа барып, көліктердің бірінің жүргізушісінен жұртты ұйқысынан оятқанын айтып, музыканың дыбысын өшіруді сұраған.

Видеода тұрғындар жүргізушінің жиі қоғамдық тәртіпті бұзатынын айтады. Тұрғындарға жауап берген жүргізуші (мас күйінде, куәгерлердің айтуы бойынша) тапаншаны алып, жергілікті тұрғындардың бірінің басына тигізген, содан кейін ол тағы екі адамға оқ атқан. Абырой болғанда, оқтан ешкім зардап шеккен жоқ. Куәгерлердің айтуынша, тапанша оқсыз атылған.

Тұрғындар ер адамды ұстап алып, содан кейін полиция шақырды. Қалалық полиция ұсталған азаматтың 1986 жылы туған ер адам екенін хабарлады. Ол пневматикалық қару ұстаған. Оқиға фактісі бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары