БҚО-да құрылыс алаңында кран құлап, краншы қаза тапты

Полиция кранның құлау себебін анықтап жатыр

БҚО-да құрылыс алаңында кран құлап, краншы қаза тапты
Фото: "Мой город"

Батыс Қазақстан облысының Байтерек ауданындағы Мичурино ауылында құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 7 қарашада көпқабатты үй салу кезінде болған.

Оқиға кезінде краншы мұнаралы кранның кабинасында отырған. Ол алған жарақатынан қаза тапты.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жұмысшының қаза тапқанын растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Полиция қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Әзірге тергеушілер істің егжей-тегжейін жария етпейді», – деп түсіндірді полиция өкілдері.