$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.08.2020, 11:30
Оқиғалар

Шекарадан кедергісіз өткізу үшін пара алған «Нұр жолы» кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды

Оларға қатысты тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында

Шекарадан кедергісіз өткізу үшін пара алған «Нұр жолы» кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды
Фото: Батыржан Беспаев

10 тамызда Бас көлік прокуратурасының ұйытқы болуымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша қызметі мемлекеттік қызметшілер арасындағы жемқорлықтың жолын кесу бойынша жұмыс аясында Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы» кеден бекетінде мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерін ұстады. Сондай-ақ ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Олар мемлекеттік шекарадан адамдардың кедергісіз өтуі үшін жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде. Оларға қатысты қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде, тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында», - делінген хабарламада.

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, қазір тергеу жүргізіліп жатқандықтан, басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды.

Серіктес жаңалықтары