Астанада автобус қыз баланы қағып кетті: үш жолаушы жарақат алды

Оқыс оқиға салдарынан үш жолаушы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді

Астанада автобус қыз баланы қағып кетті: үш жолаушы жарақат алды
Фото: t.me/astanovka98

Елордадағы Байтұрсынов көшесінде болған жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші қыз бен қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

мәліметінше, IVECO маркалы №11 бағыттағы автобустың жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Автобустың күрт тоқтауы салдарынан үш жолаушы дене жарақатын алды. Жаяу жүргінші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін Astanovka98 Telegram-арнасы оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялаған. Арна мәліметінше, қыз жолға кенеттен жүгіріп шыққан. Куәгерлердің айтуынша, оны жедел жәрдем ауыр жағдайда алып кеткен.

Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.