Белгісіз сұйықтық ішіп қойған: Петропавлда үшінші адам көз жұмды

Марқұмдар ішкен бөтелкеге сараптама жүргізіліп, оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр

Белгісіз сұйықтық ішіп қойған: Петропавлда үшінші адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында белгісіз тұнбаны ішіп, ауруханаға түскен үшінші ер адам қайтыс болды. 75 жастағы зейнеткер дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ауыр уланудан көз жұмды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлері ер адамның өмірін сегіз күн бойы сақтап қалуға тырысқан. Осы уақыт ішінде ол жансақтау бөлімінде жатып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Алайда науқастың жағдайы өте ауыр болған.

Қазіргі уақытта марқұмдар ішкен алкоголь құйылған бөтелкеге сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Еске салайық, бір апта бұрын Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз тұнбаны ішкен екі ер адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейін белгілі болғандай, олар бөтелкені қоқыс жәшіктерінің арасынан тауып алған.