«Бір тәулік тұрған тамақтар тексерілмеген»: Алматыда 48 оқушы тамақтан уланғаннан кейін ДСМ шұғыл тексеру бастады
Тексеру бірқатар заңсыздықты тауып үлгерген
Бүгін хабарлағынымыздай, Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектептің 48 оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түскен еді. осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл тексеру бастаған, деп хабарлайды
Мектептің тамақтану блогын тексерген мамандар санитариялық талаптар бұзылған деген қорытындыға келген. Олар бес қаулы шығарып, шектеу енгізген және дезинфекция жүргізген. Осы күндері балалармен араласқан жақындары да бақылауға алынған.
«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше мамандар «Master Food» ЖШС-нің тамақтану блогын тексеріп, азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптарының бұзылғанын анықтады», - деп хабарлайды ДСМ.
Қазір балалардың жағдайы бірқалыпты, бәрі ауруханада жатыр.