Бүгін, 09:43
Қоғам

Алматыда 48 оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті: дәрігерлер алты баланы оқшаулап тастаған

Қазір Республикалық физика-математикалық мектеп жұмысын тоқтатқан

Алматыда 48 оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті: дәрігерлер алты баланы оқшаулап тастаған
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектептің 48 оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Әуел баста 47 баланың ауруханаға жатқаны хабарланғанмен, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бүгін тағы бір баланың ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл ақпаратты қалалық клиникалық балалар ауруханасының әкімшілігі растады.

Жалпы, осы мектептегі оқушылардың жаппай уланып, ауруханаға түскені туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде таралған болатын. Балалардың туыстары мәселе кқтеріп, мектептің үш күнге карантинге жабылғанын да хабарлаған. Анықталғандай, балалардың бәрінен ішек инфекциясы табылған.

«2026 жылдың 12 қазаны мен 13 қазаны күндері Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектептің 47 оқушысы тамақтан уланып, Балалар ауруханасына түсті. Дәрігерлер оларды жан-жақты емдеп жатыр. Тағы сегіз бала оқшауланып, бақылауға алынды», - деп хабарлайды балалар ауруханасының әкімшілігі.

Қаалалық санитарлы-эпидемиологялық бақылау департаменті арнайы қаулы шығарып, мектеп пен интернаттың тамақтану блогын карантинге жапқан.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы болса, бүгінгі күнді қосқанда, іші ауырып, ауруханаға түскен баланың саны 48 оқушы болғанын мәлімдеді. Балалардың денсаулығы тұрақты әрі олардың арасында реанимацияға мұқтаж болған балалар жоқ.