$ 521.81  543.67  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2019, 09:39
Оқиғалар

Атырауда перзентханада көз жұмған әйелдің ісі апелляциялық сотта қаралады

Егіз сәбиін босана сала қайтыс болған Анаргүл Майлыбаеваның туыстары перинаталдық орталық дәрігерлері «пара беру үшін бюджет ақшасын пайдаланбақ болған» деп айып тағып отыр 

 

Атырауда перзентханада көз жұмған әйелдің ісі апелляциялық сотта қаралады
Фото: inforeactor.ru

Пара беру үшін бюджет ақшасын пайдаланбақ болған! Атырауда егіз сәбиін босана сала қайтыс болған Анаргүл Майлыбаеваның туыстары перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Марқұмның апасы Өміргүл Майлыбаеваның айтуынша, мамыр, маусым айларында орталық қызметкерлеріне сыйақы берілген. Кейін оны кері жинап алған. Осылайша бюджеттің 7 млн теңгеге жуық қаржысын, қылмыстық істе оң нәтиже көру үшін пайдаланбақ болыпты, - деді. 

«Бұл іс екі жарым жылдан бері бері созылып келеді. Мен әділдік үшін күресіп жүрмін. Жуырда 4 дәрігер ақталды. Бірақ менің қолыма сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қаулысы түсті. Онда бюджеттің 7 млнға жуық теңгесі бөлінгені көрсетілген. Бұл қаражатты бас дәрігердің орынбасары Асқар Кенжеғалиевтен тәркілеген. Менің ойымша, бұл ақша істі олардың пайдасына шешу үшін беру керек болған. Нақты кімге екенін білмеймін. Тергеу тобы қаржыны иесіне жеткізбей, тәркіледі», - дейді жәбірленуші Өміргүл Майлыбаева. 

Бұл қайғылы жағдай Атырау облыстық перинаталдық орталығында 2017 жылдың 5 шілдесінде тіркелген. Жас ана егіз сәбиін кесарь тілігі арқылы өмірге әкелген соң қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің «медицина қызметкерлерінің өз міндеттеріне адал қарамауы, тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне абайсызда әкеп соғу» бабымен іс қозғалған. Орталықтың 4 дәрігері айыпталып, №2 қалалық сот оларды ақтап шықты. Қазір олар бұрыңғы қызметтерін жалғастыруда. Ал, марқұмның туыстары болса, енді аппеляциялық соттан үмітті.
 

Серіктес жаңалықтары