«Бауырын өлтіріп, туыстарымен бірге өтірік іздеген»: БҚО-да жас жігіт 12 жылға сотталды

Бұл ауыр қылмыс биыл мамырда болған

«Бауырын өлтіріп, туыстарымен бірге өтірік іздеген»: БҚО-да жас жігіт 12 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 29 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөнінлегі мамандандырылған соты ауыр қылмыс жасаған ер адамды 12 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мой город» сайтының мәліметіне сүйенсек, биыл мамырда күдікті өзінің немере бауырын өлтіріп алған.

«Екі ер адам бірге алкогольді ішімдік ішкен. Кейін екеуі жанжалдасқан. Сол сәтте сотталып отырған жігіт баруын 15 жерінен пышақтаған. Күдіктінің жасы 26-да болса, марқұмның жасы 18-де еді», - деп жазады басылым.

Ең сорақысы, күдікті бауырының қайтыс болғанын білген соң оны үйдің артына көміп, түк болмағандай, ұйқыға кеткен. таңертең оянғанда «бауырының жоғалғанын» оқып, оны іздеуге көмектескен. Жоғалған баланың суретін әлеуметтік желіде таратып та қойған.

Алайда, көп ұзамай оның қылмысы ашылған. Куәгерлер қылмыс жасаған жігіт пен бауырының үйге бірге кіргенін көрген соң полиция оны күдікті ретінде танып, тергеу бастаған. Ақыры, қылмыс ашылып, сот жігітті 12 жылға соттады.