29.09.2026, 15:58
Оқиғалар
Қазалыдағы балабақшаның есепшісі жылдар бойы ақша жымқырып келген – ұрлық 21,5 млн теңгемен тоқтады
Қазір оның ісі тергеуге кеткен
Фото: freepik.com
Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы балабақшаның есепшісі жылдар бойы бюджет қаражатын жымқырып келді деген күдікке ілінді. Тергеудің дерегіне сүйенсек, ұрланған ақшаның көлемі 21,5 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстағы прокуратураның мәліметіне сүйенсек, есепші 4 жыл ішінде өзіне артық ақша аударып отырған.
«Прокуратура жүргізген талдау нәтижесі балабақша есепшісінің қылмысын көрсетті. Ол 4 жыл ішінде штаттық кесте бойынша бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде өзінің банктік шоттарына қосымша қаражатты негізсіз аударғаны анықталды», - деп хабарлайды прокуратура.
Қазір оның ісі аса ірі мөлшерде ақша жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
