27.09.2026, 14:46
Оқиғалар
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр
Фото: ТЖМ
Өскемен қаласы Серікбаев көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқару бөлімшелері баспалдақ маршы арқылы үйден 10 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуацияласа, өрт шыққан пәтерде қалып қойған бір тұрғынды автосатының көмегімен алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар қызметінің үйлесімді әрекетінің арқасында тілсіз жау шағын аумақта жылдам сөндірілді. Өрттен құтқарылған 1975 жылы туған ер адамды ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері оқиға орнында тексеріп, ары қарай ауруханаға жеткізуді ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 10:22
Бизнесмендер футболға бет бұрды: биыл Қазақстанда қандай командалар жекеменшікке өтті
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды