Тоқаев Каспийде қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстарына көңіл айтты
Бұл туралы Ақорда хабарлады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты», - деп жазады Ақорда.
Тоқаев Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 24 қыркүйек күні Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 19 сарбазды теңіз алып кеткен. Өкінішке қарай, қазіргі сәтке дейін олардың 11-і мерт болғаны белгілі. Үш сарбаз жағаға шығып үлгерген, оның біреуі ауруханаға түсті. Тағы бес адамнан хабар-ошар жоқ.
Үкімет оқиға орнына вице-премьер Қанат Бозымбаевты жіберді.