05.11.2019, 03:51
Оқиғалар
Көкшетауда 31 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап көз жұмды
Ер адам сығымдау цехында слесарь болып жұмыс істеген
Көкшетауда 31 жастағы ер адам жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 1988 жылы туған ер адам жергілікті ЖШС-нің бірінде сығымдау цехында слесарь болып жұмыс істеген. Ол серіктестік аумағын аралап жүргенде рапс күнжарасын өткізуге арналған тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлап кетіп, сол жерде көз жұмды.
«Қазіргі кезде осы оқиға қатысты ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды