Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді
Өрт ошақтары Жетісу облысы мен «Семей орманы» аумағында анықталған
20 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрттің бірі Жетісу облысында, тағы бір өрт «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында шыққан.
Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті мониторингі және «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның әуеден патрульдеу жұмыстары барысында дер кезінде анықталған.
Өрт ошақтары туралы ақпарат тиісті қызметтерге жедел жеткізілген. Ақпарат түскеннен кейін өрт болған жерлерге қажетті күштер мен техника жіберілді.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Өрт жағдайы тұрақты бақылауда.