Қостанай орталығындағы дәмхана маңында екі ер адам төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Полицияға жеткізілген екі адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

Қостанай орталығындағы дәмхана маңында екі ер адам төбелесіп қалды (ВИДЕО)
видеодан скрин

Қостанай орталығында төбелес болып, жанжал сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрларда бірнеше адамның жазғы дәмхана маңында төбелесіп жатқанын көруге болады. Бір уақытта оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.

Полицияның мәліметінше, тұрғындардан болған жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына полиция жасағы жіберілген.

«Қаладағы жазғы дәмханада болған оқиға туралы тұрғындардың өтініші бойынша полиция жасағы жіберіліп, құқыққа қайшы әрекеттердің жолы кесілді», – деп түсіндірді полиция.

Жанжалға қатысқан екі адам полицияға жеткізілді. Ведомствоның мәліметінше, олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Талдықорғанда болған жаппай төбелестің видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын.