Астанада ер адамнан 100-ден астам есірткі орамасы табылды

Оның үйінен де есіртткі заттары табылды

Астанада полиция қызметкерлері есірткі сақтап, оны таратты деген күдікпен 26 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында күдікті екі жасырын орыннан есірткі алып тұрған кезде ұсталды. Аталған орындардан есірткі заттары бар 100-ден астам орама тәркіленді.

Кейін күдіктінің тұрғылықты жері тінтілді. Тінту барысында аяқ киім қорабының ішінен ақ түсті, ұнтақ тәрізді, өзіне тән иісі бар, мефедрон мен альфа-PVP-ге ұқсас заттар салынған қосымша орамалар анықталды. Орамалардың сырты түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған.

Анықталған заттардың барлығы тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.