Қазақстандықтарды жаппай алдап, Түркияға қашып кеткен әйелдің ұсталған сәттегі видеосы тарады

Ол «The Finiko» деген қаржы пирамидасын құрып, 160 млн теңге жинап алған

Қазақстандықтарды жаппай алдап, Түркияға қашып кеткен әйелдің ұсталған сәттегі видеосы тарады
Фото: скриншот

Қазақстанда «The Finiko» деген қаржы пирамидасын құрып, 160 млн теңгені қалтасына басқан әйел Түркияда қолға түсті. Бұдан басқа ол 221 млн теңгеге жер телімін сатып алған көрінеді. Қаржы мониторинг агенттігі әйелді қолға түсіріп, қазақстанға жеткізген сәттің видеосын таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктіні қолға түсіру үшін Алматының прокуратурасы мен Интерпол көмектескен. Күдікті 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген екен.

«Тергеу барысында «The Finiko» ешқандай нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызмет жүргізбеген. Ол «пирамидаға» кірген адамдардың ақшасын кейінгі салымшыларға беріп, алдауратқан. Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген», - деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.

Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу жалғасып жатыр.