Семейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (ВИДЕО)
Аяғы қысылып қалған әйел адамға құтқарушылар шұғыл көмек көрсетті
Семей қаласында эскалаторға мінген әйел оқыс жағдайға ұшырып, аяғы қысылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, аяғы қысылып қалған әйел адамға құтқарушылар шұғыл көмек көрсетті.
«112 пультіне Семей қаласының сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қажетті авариялық-құтқару жұмысын жүргізді. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатты», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Белгілі болғандай, қажетті медициналық көмек көрсету үшін әйел адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкеткені туралы хабарланған.