«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
Әнші өзіне соңғы уақыттары тыңдарманы қартайып кеткені туралы жиі жазатынын айтты
«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев басына түскен ауыр қайғысы жайлы жан сырын ақтарып, тыңдарманына үн қатты, деп хабарлайды , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші өзіне соңғы уақыттары тыңдарманы қартайып кеткені туралы жиі жазатынын айтты.
«Алдыңғы рилста «Қартайып кетіпсіз. Бұл да қартайыпты» деген сынды пікірлерр жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқартау әкең о дүниелік болса, қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім», - деп жазды Ердос Қанаев.
«Жігіттер» тобының әншісіне желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Адамды қартайтатын уақыт емес, адамды қартайтатын оқиғалар», «Сол қайғыға төтеп беріп аман жүргеніңіздің өзіне шүкір. Алланың алдыңыздан берер нығметі көп болсын!», «Өте қарапайым,жүрегі кең жүрегінде иманы бар бала», «Өлім көрмегендер, өмірдің қадірін білмейді. Қайғыға қарсы тұрудың өзі ерлік! Алла қуат берсін сізге!» - деп жазды желі қолданушылары.