Жантүршігерлік қылмыс: лудоман анасын өлтіріп, мәйітін тоңазытқышта үш апта сақтаған
Ер адамның осыған дейін де кісі өлімі бойынша сотты болғаны анықталды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында лудоман ақшасын ұтылғаннан кейін анасын пышақтап өлтіріп, мәйітін тоңазытқышқа салып қойған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі SHOT Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, 64 жастағы әйел бөлмесінде ақшасын санап отырған. Ал оның бір бөлігін ұлы бәске тігіп ұтылып қалған. Анасы біліп қояды деп ойлаған ол пышақ алып, ішіне бес мәрте сұғып алған.
Анасын өлтіргеннен кейін мәйітін тоңазытқышқа салып, сол жерде 18 күн сақтаған. Арада үш аптаға жуық уақыт өткеннен кейін ер адам полицияға өзі барып, қылмысын мойындаған.
Ер адамның осыған дейін кісі өлімі бойынша сотты болғаны анықталды. Ал анасына қатысты қылмысты 42 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда жасаған.
Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол енді психиатриялық сараптамадан өтуі қажет.