$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2020, 10:09
Оқиғалар

Денсаулық сақтау вице-министрі есінен танған әйелге алғашқы көмек көрсетті

Оқиға Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының кіреберісінде болған

Денсаулық сақтау вице-министрі есінен танған әйелге алғашқы көмек көрсетті
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов жұмыс орнында тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін құтқарды, деп хабарлады sputniknews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі, 3 тамыз күні Марат Шоранов Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратына, жұмысына келген. Сол кезде 51 жастағы әйел бесінші кіреберістің баспалдағымен көтеріліп бара жатқан. Ол кенеттен есінен танып, құлай жаздаған.

«Шоранов әйелді ұстап қалды. Оның көгеріп кетіп, асфиксия болғанын көрген. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жүргізушіге «отвертка» әкелу керек екенін айтқан. Ол қажет болса трахеостома жасамақ болған», - делінген хабарламада.

Әйел есін жиып, тыныс ала бастаған. Жедел жәрдем шақыртылып, жалпы хирургия және проктология бөлімшесіне жеткізілді. Оған ішектің жабысып бітелуі деген диагноз қойылды.

Қазір дәрігерлер тұрғынның жағдайы жақсарғанын айтты. 6 тамыз күні ауруханадан шығарылмақ.

Еске сала кетейік, Марат Шоранов 2020 жылдың 26 маусымында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әр жылдары: 

2008-2009 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институтының директоры;

2010-2011 жылдары — АҚШ-та Эмори университеті клиникасының жобалар менеджері;

2012-2013 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары, экономикалық зерттеулер орталығының басшысы қызметтерін;

2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-да, University Medical Center корпоративтік қорында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы болды.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары