$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2020, 09:54
Оқиғалар

Пошта қызметкері 5 адамның есепшотынан заңсыз ақша шешіп алған

Ол 1,5 млн теңгеге дейін ақшаны заңсыз иемденіп, қажетіне жаратып жіберген

Пошта қызметкері 5 адамның есепшотынан заңсыз ақша шешіп алған
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері бес тұрғынның есепшотынан заңсыз ақша шешіп алған пошта қызметкерін ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Келес аудандық Полиция бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақысының бір бөлігін белгісіз біреу шешіп алған. Осылайша алаяқ, екі әйелдің әрқайсысынан 300 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденген. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын, бұрынғы пошта қызметкері болып шықты.

«Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс істейтін кезінде тұрғындардың ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны анықталды. Сонымен қатар, күдіктінің осыған ұқсас тағы үш жайтқа қатысы бары белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Осылайша, күдікті жәбірленушілердің 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын есепшоттарынан заңсыз алып, қажеттілігіне жаратып жіберген. Бас шарасы қолхатпен босатылды», - делінген ақпаратта.

Қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттар арқылы өзгенің сеніп тапсырылған ақшасын иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары