05.08.2020, 10:13
Оқиғалар
Елордадағы «Хан Шатыр» маңында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
Екі жасөспірімнің ерегісі ондаған адамның төбелесімен аяқталған
Нұр-Сұлтандағы «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығының жанында оннан астам адамның қатысуымен жаппай төбелес болды. Оқиғаны куәгерлер видеокамераға жазып алған.
Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткеннен кейін қалалық Полиция департаменті оқиғаға кінәлілердің ұсталғанын мәлімдеді. Оқиға 1 тамыз күні кешкі сағат сегіз жарым шамасында болған.
«Төбелескендердің барлығы – жасөспірімдер, олар оқиға орнында ұсталды. Төбелеске себеп – екі баланың өзара ерегісі болған. Оның арты жаппай төбелеске ұласқан. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Полиция департаментінің өкілдері.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
