05.08.2020, 00:18
Оқиғалар
Ливандағы жарылыстан кемінде он адам қаза тапты
Сәрсенбі елде жарылыстан қайтыс болғандарды аза тұту күні деп жарияланды
Фото: ria.ru
Ливан астанасы Бейрут қаласында болған жойқын жарылыс салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбі күнін Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады. Ал Бейрут қалсының губернаторы жарылыстан қаланың жартысына зақым келгенін мәлімдеді», - деп жазылған ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді