Алматыда BMW жоғары жылдамдықпен таксиге соғылды
Жол апатынан кейін BMW-ның екі жолаушысы дәрігерлер көмегіне жүгінді
Алматыда Төле би даңғылы мен Түркебаев көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысты. Жол апатынан кейін жолаушыларға медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, BMW көлігі Түркебаев көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Полицияның нақтылауынша, көлік жоғары жылдамдықпен жүріп, жол қиылысында такси көлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан кейін BMW көлігінің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Олардың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Олар жол апатының мән-жайын тіркеп, кейін екі көлікті де мамандандырылған айып тұрағына жеткізді.
Полиция қазір жол апатының себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Түпкілікті қорытынды тексеру нәтижесі бойынша жасалады.