Алматыдағы көпқабатты үйде жоғары дәрежелі өрт шықты: құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр
Көпқабатты үйдің кабель шахтасы өртеніп, тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Алматыда 23 тамыз күні кешке өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндіріп жатыр. Шақыртуға жоғары дәрежелі санат берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ТЖМ-нің алдын ала мәліметінше, өрт Алмалы ауданындағы Әди Шәріпов көшесінде болған. Көпқабатты тұрғын үйдің кабель шахтасы өртеніп жатыр.
«Барлау жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғындарды эвакуациялап, адамдарды құтқарып жатыр. Өрт ошағын анықтау үшін тепловизорлар қолданылуда», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Оқиға орнында өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылды. Тұрғындарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмысын жалғастыруда. Толық ақпарат нақтыланып жатыр.