02.08.2020, 14:50
Оқиғалар
Шымкентте сусындар қоймасы өртенді
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Фото: баспасөз қызметінен
Шымкент қаласында Төлеби көшесінде орналасқан «Визит» ЖШС-ның аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аумағы 2000 ш.м. болатын қойма және жапсарласа соғылған бастырманың астында пластик бөтелке жасауға арналған шикізаттар жанған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің көлемі шамамен 800 шаршы метрді құрайды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды