02.08.2020, 15:41
Оқиғалар
Семейде адамдар отырған моторлы қайық аударылып қалды
Қайықта 3 адам болған
Фото: ашық дереккөзден
Семейде адамдар отырған қайық аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 тамызда жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлеріне аударылған қайықтың ішіндегі адамды құтқаруын сұраған жастар хабарласқан. Жігіттер металдан жасалған моторлы қайықпен жүзіп жүріп, одан секіргенде, қайық аударылып қалған. Екі адам жүзіп шыққан, үшіншісі көрінбеген. Келген құтқарушылар жас жігіттің қайық аударылып кеткен жерден 150 м қашықтықта жағаға шыққанын анықтаған. Оған ешқандай көмек қажет болмаған. Жастар құтқару жилеттерін кигендіктен, қайғылы жағдай тіркелмеген», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты