ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Байқоңырда 7 жастағы қыз педофилден зардап шекті

Күдікті қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

28 шілде күні Байқоңырда 7 жасар қыз педофилден зорлық көрген. Бұл туралы ақпарат Facebook-тегі Немолчиkz парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«7 жасар қыз ауыр жарақаттар алған.  Оған операция жасалды. Қазір оған оңалту және емдеу шараларын жалғастыру қажет. Күдікті қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.

Немолчиkz өкілдері Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан көмек сұрады.

«Сізден бұл отбасыға көмек көрсетуді сұраймыз. Қызды Алматыға жеткізу керек. Анасы мен қызына психолог қажет. Біз қызды Алматыға жеткізуді сұраймыз, себебі бұл жерде жағдайды өзіміз бақылай аламыз», - деп жазылған жазбада. 

Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қаланың ресми парақшаларында бұл оқиғаны растады.

«Қаламызда жантүршігерлік оқиға болды. 7 жасар қыз педофилден зардап шекті. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Ол тиісті жазасын алады. Қала тұрғындарын сабыр сақтап, құқық қорғау құрылымдарына әсер етуге тырыспауға шақырамын. Эмоциялық әрекеттер тергеу амалдарына кедергі келтіруі мүмкін», - деп жазды Константин Бусыгин.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат